2015 жылғы 19 мамыр, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен
(погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі 69-бабы 2-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет – ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ
Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 19 мамырдағы №307 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары
р/с № Заттардың атауы Өлшем бірлігі Бір қызмет-керге заттар-дың саны Киу мер-зімі (айларда) Ескертпе
1. Салтанатты және күнделікті нысанды киім (погонсыз)*
1. Қалпақ Дана 1 36
2. Фуражка Дана 1 24
3. Берет Дана 1 36
4. Теріден тігілген құлақшын Дана 1 36
5. Жылы күрте Дана 1 36
6. Кашне Дана 1 36
7. Пиджак шалбарымен Жиынтық 1 24
8. Пиджак белдемшемен Жиынтық 1 24
9. Шалбар Дана 1 24
10. Белдемше Дана 1 24
11. Ұзын жеңді ақ түсті жиде Дана 2 24
12. Қысқа жеңді ақ түсті жиде Дана 2 12
13. Ерлердің қысқа етігі Жұп 1 24
14. Әйелдердің етігі Жұп 1 24
15. Ерлердің туфлиі Жұп 1 12
16. Әйелдердің туфлиі Жұп 1 12
17. Галстук Дана 1 24
18. Белдік Дана 1 24
19. Кеудеше Дана 1 24
2. Далалық нысанды киім (погонсыз)*
20. Далалық киім Жиынтық 1 24
21. Биік қонышты бөтеңке Жұп 1 24
22. Футболка Дана 1 12
Ескертпе: * нысанды киімнің (погонсыз) үлгілері және айырым белгілері осы Нормаларға қосымшада келтірілген.
1. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде нысанды киім кию міндетті.
2. Нысанды киімді және оның заттарын киіп жүру мерзімдері оның берілген күнінен бастап саналады.
3. Нысанды киіммен қамтамасыз ету экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органы ведомствосының есебінен жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері мемлекеттік кірістер органдарының үй-жайынан тыс жерлерде жедел-тергеу іс-шараларын орындаған кезде кеудешені нысанды киімнің үстінен киеді.
5. Далалы нысанды киімді өз қызметтік міндеттерін кезекші бөлімшелерде және қызметтік иттермен орындайтын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері киеді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық
тергеу қызметі қызметкерлерінің нысанды киімімен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай Нормаларына қосымша
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық
тергеу қызметі қызметкерлері нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері (бұдан әрі - нысанды киім):
1. Ерлерге арналған нысанды киім жиынтығына (1-сурет):
1) сұр түсті қалпақ; 7) сұр-көгілдір жолақты көк түсті галстук;
2) қою-көк түсті фуражка; 8) қою-көк түсті мех күрте;
3) қою-көк түсті пиджак; 9) қою-көк түсті теріден тігілген құлақшын;
4) сұр түсті шалбар; 10) сұр түсті кашне;
5) ұзын жеңді ақ түсті жиде; 11) қара түсті жылы қысқа етік;
6) қысқа жеңді ақ түсті жиде; 12) қара түсті туфли;
13) қара түсті белдік.
1-сурет
Ескертпе: 1 – салтанатты киім, 2 – күнделікті киім; 3 – жазғы киім (ұзын жеңді жиде),
4 – жазғы киім (қысқа жеңді жиде), 5 – қысқы киім.
2. Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығына (2-сурет):
1) сұр түсті берет; 6) сұр-көгілдір жолақты көк түсті галстук;
2) қою-көк түсті пиджак; 7) қою-көк түсті мех күрте;
3) сұр түсті белдемше; 8) қою-көк түсті теріден жасалған құлақшын;
4) жеңі ұзын ақ түсті жиде; 9) сұр түсті кашне;
5) жеңі қысқа ақ түсті көйлек; 10) қара түсті жылы етік;
11) қара түсті туфли.
2-сурет
1 2 3 4
Ескертпе: 1 – салтанатты, күнделікті киім; 2 – жазғы киім (ұзын жеңді жиде), 3 – жазғы киім (қысқа жеңді жиде), 4 – қысқы киім.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері кеудешесінің үлгісі
3. Ерлерге және әйелдерге арналған
қою-көк түсті кеудеше (3-сурет):
3-сурет
1 2
Ескертпе: 1- алдыңғы бөлігі; 2 – арқасы.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің далалық
нысанды киімінің үлгісі
4. Ерлерге және әйелдерге арналған далалық нысанды киімнің құрамына (4-сурет):
1) камуфляжды сұр түсті күрте;
2) камуфляжды сұр түсті шалбар;
3) камуфляжды сұр түсті кепеш;
4) камуфляжды сұр түсті футболка;
5) қара түсті биік қонышты бөтеңке.
4-сурет
Айырым белгілері
5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің нысанды киім (погонсыз) кию айырым белгілерінің үлгісі (5-сурет):
5-сурет
1 2 3
4 5 6
Ескертпе: 1, 2, 3 – аға басшы құрамы; 4, 5, 6 – орта басшы құрамы.
6. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің арнаулы атақтары бойынша айырым белгілері шеврон болып табылады.
Аға басшы құрамы шевронында диаметрі 20 мм болатын жұлдыздар былай орналасады:
1) 3-санатты біліктілік сынып – 1 жұлдыз;
2) 2-санатты біліктілік сынып – 2 жұлдыз;
3) 1-санатты біліктілік сынып – 3 жұлдыз.
Орта басшы құрамы шевронында диаметрі 13 мм болатын жұлдыздар былай орналасады:
1) 6-санатты біліктілік сынып – 2 жұлдыз;
2) 5-санатты біліктілік сынып – 3 жұлдыз;
3) 4-санатты біліктілік сынып – 4 жұлдыз.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 5 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11275 болып енгізілді.